ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА УАҚЫТТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 қантар 2024 жылғы №20 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 қараша 2000 жылғы №1749  Қаулысына өзгерістер енгізілді.

Бұл құжат еліміздің барлық аумағында 1 наурыз 2024 жылдан  сағат 00:00 бастап бірыңғай уақыт белдеуін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының уақыт пен жиіліктің мемлекеттік бастапқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін уақытты есептеу сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізілетінін белгілейді. Сонымен, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық (UTC+5) белдеу  қолданылады.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының жергілікті орындау органдары (әкімдіктері) және тұрғындары 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.

Қазіргі уақытта Қазақстанда екі сағаттық белдеу UTC+5 және UTC+6 қолданылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC + 6 екі уақыт белдеуі қолданылады. Елдің көп бөлігі (батыс аймақтарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан. Сарапшылардың пікірі бойынша, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді, бұл биологиялық ритмдар мен адам денсаулығына кері әсер етеді. Сондай-ақ, сарапшылардың болжамы бойынша, бірыңғай уақыт белдеуінің орнатылуы республикамыздың түрлі аумақтарының тұрғындары арасында уақыт тосқауылын алады, жол және басқа коммуникациялардың  қозғалысын жақсартады, бизнес және мемлекеттік органдар мен жедел қызмет жүргізуге жағымды әсерін тигізеді.

Қаулы 1 наурыз 2024 жылдан бастап өз күшіне енеді.

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысуына байланысты көптеген пайдаланушылар ұялы телефондар мен құрылғылардың ақпараттық жүйелерінен Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу туралы хабарламаларды ала бастады. Құрылғыда автоматты жаңарту қосулы болса, уақытты автоматты анықтау параметрлерде қосылған және интернетке қосулы болған жағдайда, уақыт автоматты түрде өзгереді, егер болмаса, оны қолмен өзгерту керек. Әмбебап нұсқаулықтардың ішінде – құрал интернетке қосулы болуы керек, жүйе жаңартуларда – уақытты автоматты түрде жаңарту. Тепе-тегжейлі ақпарат интернет кеңістігінде қол жетімді.

Жұмыс іс-шараларын жоспарлау кезінде осы жаңартуды ескеруіңізді сұраймыз.

Печать