Климаттық дағдарысқа жауап ретінде конвергентті білім берудің бірлескен халықаралық бағдарламасына қатысушыларды іріктеу туралы хабарландыру

Мемлекет

Серіктес-университет

Корей қатысушыларының саны

Қазақстандық қатысушылардың саны

Әр университеттің бағдарламаларын басқару

Корея Республикасынан қатысушылардың келу кезеңі

Қазақстан

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ

·                     Инха университетінің студенттері: 3

·                     Басқа университеттердің студенттері: 12 (4 университеттен)

·                     Корей университеттерінің профессорлары: 5

Студенттер: 6

Профессорлар: 3

-

30.06.2024 – 6.07.2024

Кесте

Мазмұны

Жауапты ұйым және мәліметтер

9–23. 01.2024 ж.

·         Бағдарламаның афишалары мен жарнамалық мәтінін дайындау (ағылшын тілінде)

·         Инха университетінің жоба тобы

25.01. – 16.02.2024 ж.

·         Студенттер арасында бағдарламаны ілгерілету

·         Университет тарапынан өзін-өзі жарнамалау

22.02. – 29.02.2024ж.

·         Қатысушы студенттерді іріктеу

·         Қатысушы профессорлардың шешімі

·         Үш адамнан тұратын команда құру (барлығы 7 топ)

·         Командаларды құру негізі: корей университетінен 2 студент және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нен бір студент.

1.03. – 21.06.2024ж.

·         Студенттік топты климаттық дағдарыс тақырыптарымен Хакатонға дайындау

·         Екі жоғары оқу орнының студенттері арасындағы пікірталас және қарым-қатынас үшін бірлескен кездесулер

·         Екі елдің қатысушы профессорларының бірлескен кеңесі

·         Ағылшын (корей) тілі

30.06. - 7.06.2024ж.

(ұшу кестесін қараңыз)

·         Зерттеуге қызығушылық тудыратын объектіге бару

·         ҚазХҚжӘТУ профессорларының немесе жергілікті сарапшылардың арнайы дәрістері

·         Хакатондағы презентация және мастер-класс

·         Мәдени тәжірибе және алмасу бағдарламасы

·         Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ – Инха университетінің бірлескен қолдауы.

·         Корея Республикасының профессорлары мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессорларының хакатондағы студенттік топтардың презентацияларын бірлесіп бағалауы

·         Қатысушы студенттерге сертификат беруге дайындық (Инха университеті)

·         Жүлдені үздік топтарға беруге дайындық (Инха университеті)

01.    – 02.2025 ж.

·         Шетелдік серіктес университеттердің студенттерін шақыру

·         Мемлекеттер бойынша Хакатонның екі үздік тобына кірген шетелдік студенттер (2 студент X 7 ел = 14 студент)

·         Бір аптаға есептелген.

·         Ұйымдастырушы: Инха Университеті.

·         Мәдени тәжірибе және алмасу бағдарламасы.

·         Климаттық дағдарыс бойынша бірлескен семинар

Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты халықаралық жобаға қатысу үшін Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нен топтар құрамына кіретін студенттерді іріктеу жүргізілуде.

Іріктеу шарттары мен критерийлері:

 Іріктеуге 2, 3 курс студенттері қатыса алады:

- «Шығыстану» БББ - 4 студ.

- «Аударма ісі» БББ - 1 студ.

- «Шетел филология» БББ - 1 студ.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- тиісті сертификатпен расталған ағылшын тілін міндетті түрде жақсы білу (сертификат болмаған жағдайда транскриптте көрсетілген баллдар есепке алынады);

- TOPIK 2 деңгейінен төмен емес корей тілін білу (сертификат болмаған жағдайда транскрипте көрсетілген ұпайлар қаралады);

- шығыстану факультетінің кафедра меңгерушілерінің қолдаухаты, онда мыналар ескерілуі және атап өтілуі тиіс: а) зерттеу дағдылары; в) топта жұмыс істей білу; с) үміткердің шығармашылығы мен коммуникативті дағдылары.

Халықаралық жобаға қатысушыларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамы:

  1. Комиссия төрайымы - Жылтырова Ж.Т., халықаралық қатынастар жөніндегі проректор

Комиссия құрамы:

  1. Абдигаппар Т.Е., халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарманың басшысы
  2. Кагазбаева Э.М. – шығыстану факультетінің деканы
  3. Жунусова А.К. – шығыстану кафедрасының меңгерушісі
  4. Хан Н.Ч.– Инха университетімен жұмыс үйлестірушісі

Хатшы - Ким У.А, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығының директоры

Печать