Құрметті оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар. 2025 жылдың 15 наурызында сағат 11:00-де университетімізде Қазақстан бойынша 28-ші жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді. Сайысқа «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ», «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» студенттері және «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» студенттері қатысады. Өткізілетін орны: «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» бас оқу ғимараты, қызыл зал.