«Шығыс Азиядағы қауіпсіздік және даму: үрдістер мен перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел

2025 жылдың 06 мамырында сағат 10:30-да Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану кафедрасы мен факультеті «Шығыс Азиядағы қауіпсіздік және даму: үрдістер мен перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстел аралас форматта (оффлайн/онлайн) өтеді.

Іс-шара мақсаттары: Шығыс Азиядағы қазіргі қауіпсіздік мәселелерін талқылау, Шығыс Азияның дамуына әсер ететін экономикалық және технологиялық үрдістерді қарастыру, Шығыс Азия мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық перспективаларын анықтау.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: отандық ғалымдар, шығыстанушылар, тарихшылар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері.
Teams платформасында онлайн қатысу үшін сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_YTM3MTMyY2YtYWFhMy00MTEwLTg0ZmUtOWIzOTQ1NWNmY2Rh%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%225d9a5e74-c1fc-473c-857f-007ac425de46%22%2c%22Oid%22%3a%226cb7bd82-6f9a-4981-8c7d-d24a3a2f5a0f%22%7d
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: +7 777 201 0740
Оффлайн қатысу мекен-жайы: Алматы қаласы, Мұратбаев көш., 200. 1-оқу ғимараты, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ауд. 108.

Печать