Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар диалектикасы: мемлекеттік саясат және студенттік жастар

2015 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласы бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті АҚ бірлесе отырып: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар диалектикасы: мемлекеттік саясат және студенттік жастар» атты ғылыми тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференцияда мемлекеттерді сақтандыру және алдын алу шаралары туралы ақпараттандырған Алматы департаменті жетекшісінің орынбасары, Тәртіптік кеңес төрағасы Б.К. Камалов сөз сөйледі және сыбайлас жемқорлықтан сақтандыру мен алдын алу шаралары туралы мәселелер талқыланды.

Университет профессорлары З.С.Айдарбеков пен А.Кенбаева Сингапур, Грузия, КХР, Эстония және т.б елдердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларынан мысалдар келтірді.

Университеттің студент жастары конференцияға белсенді қатысты. Студент Лесбек Салтанат «Мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы жастардың рөлі» атты баяндама жасады. Жастар ісі бойынша комитет төрағасы Бисенов Алтынбек Бауыржанұлы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде жемқорлықты болдырмау үшін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істерден сақтау және алдын алу жүйесі туралы баяндама жасады.

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері жемқорлыққа қарсы» атты үздік әлеуметтік видеобейнелер мен үздік қабырға газеттері байқауының қортындысымен қатысушыларды таныстырды. Конференцияның түйіні - жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасезіммен жемқорлықтың алын алу және әсер ету шараларына тәрбиелеу – осының бәрі ҚР әлеуметтік экономикалық дамытудың негізі.

Печать