Студенттерге психологиялық қолдау көрсету және ЖІК қызметі мәселелері бойынша онлайн-кездесу

2026 жылғы 21 мамырда әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Серёжкина Т.В.-ның университеттің декан орынбасарлары және кураторларымен онлайн-кездесуі өтті. Кездесуге Ablaikhan University декан орынбасарлары мен кураторлары қатысты.

Кездесу күн тәртібінде студенттермен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар, психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы қызмет қорытындылары қарастырылды.

 

Кездесу аясында Ablaikhan University психологы Низамудин М.А. баяндама жасап, студенттерге психологиялық көмек көрсету, кеңес беру жұмыстары және профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуі туралы айтты. Сонымен қатар білім алушылардың эмоционалдық тұрақтылығын сақтау және психологиялық қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ, Жастар ісі жөніндегі комитет Төрағасы Әбжәмиев А.И. 2025–2026 оқу жылындағы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Баяндама барысында студенттік клубтардың, факультет көшбасшыларының және белсенді жастардың университеттің қоғамдық, мәдени және волонтерлік өміріндегі рөлі ерекше аталып өтті.

Кездесу соңында қатысушылар алдағы кезеңге арналған ұсыныстарымен бөлісіп, тәрбие және жастар саясаты бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Печать