НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ БАЙҚАУЫ (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН)
2020 жылғы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған ҚР БҒМ 28 қаңтар 2020 жылғы №39 бұйрығын орындау мақсатында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ хабарлайды! 2020 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Еуропа елдері пен АҚШ университеттер қатарынан ЖОО-серіктестерімен студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша барша ниет білдірген бакалавриат студенттеріне байқау ашық деп жариялайды!
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар (міндетті түрде):
- Паспорттың түрлі-түсті көшірмесі (+ түрлі-түссіз көшірмесі);
- Ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт (қол және мөрқойылған) – Студенттерге қызмет көрсету орталығынан алынады;
- IELTS сертификаты(немесе TOEFL, PDT-да ескеріледі) – түпнұсқа+көшірме;
*егер тілдік сертификат болмаған жағдайда, студент шетелдік университеттен өзінің шет тілі деңгейімен алдын-ала қабылдауға келісімін беру туралы ресми хатты ұсына алады
- Байқауға қатысу үшін өтініш нысан бойынша (қосымшада деканның және кафедра меңгерушісінің қолдары жеткілікті);
- 18 жасқа толмаған үміткерлер үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі;
- Студенттің артықшылықты мәртебесін растайтын құжаттар (көп балалы отбасылар, жетімдер, мүгедектік) – болған жағдайда.
Байқауға ТЕК қана бакалавриат студенттері қатыса алады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық пакетін студент оқу басқармасының халықаралық бағдарламалар бөліміне 2020 жылдың 18 ақпанға дейін тапсыруы тиіс.
(№1 ОҚУ ҒИМАРАТЫ, 112 КАБИНЕТ)