“Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттеріндегі дәрістері”

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Іс- шара аясында “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттеріндегі дәрістері” кітабының баспа және электрондық форматтағы тұсау кесері өтті. Аталған дәрістер жинағының электрондық нұсқасы және ол туралы қысқаша бейнеролик Болон процессі және академиялық ұтқырлық орталығының ресми сайтында орналасқан (сілтеме:  https://enic-kazakhstan.kz/reference_information/lekcii-elbasy-1)

 Кітапханалық- ақпараттық орталық

Печать