Құрметті студенттер, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрінде Чехияның Крадес Кралов университетінде оқи алатынын хабарлаймыз. Оқуға өтініштер қабылдау 2021 жылдың 24 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

Құрметті студенттер,

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрінде Чехияның Крадес Кралов университетінде оқи алатынын хабарлаймыз. Оқуға өтініштер қабылдау 2021 жылдың 24 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

Қабылдаушы университет: Крадес Кралов университеті, Чехия,  «Халықаралық қатынастар» мамандығы

Бөлінген орын саны: 4 адам.

Оқу түрі: офлайн

Семестр: көктем

Оқыту тілі: ағылшын

Оқу: ақысыз

Қабылдаушы университетте 1 семестрде оқу ақысыз, қалғандар шығындар әр адамға шамамен:

  • Тұру және тамақтану: айына 500 евро
  • Жеке шығындар: айына 100 евро
  • Көлік шығындары: айына 75 евро
  • Екі жаққа ұшу: 560 евро
  • Визалық төлем: 60 евро

Ережеге сәйкес шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде келесі шарттаға сәйкес байқауға қатыса алады:

  • 2-3 курс студенттері (бакалавр);
  • ағылшын тілін білу деңгейі B2 кем емес;
  • құжаттарды тапсыру кезінде академиялық және қаржылық қарызы жоқ;
  • барлық оқу кезеңінде GPA 3.0ден кем емес;
  • университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

Шетелде оқуға жіберу ережесіне сәйкес қажетті құжаттар тізімі, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде:

Құжаттардың толық пакеті Аударма және филология факультетіне тапсырылуы тиіс

- IELTS сертификаты (5, 0 және одан жоғары);

- TOEFL сертификаты (35 баллдан жоғары)

- Факультет ұсынатын тілді білетіндігін растайтын құжат.

  • Республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс -шараға қатысқаныу үшін алынған дипломдардың, сертификаттардың, таңдаған мамандығы бойынша дипломдардың көшірмелері (бар болса)
  • Шетелдік паспорт (көшірмесі)

Байланыс үшін:

№1 оқу ғимараты, 112 кеңсе

Ашимова Айнаш

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тел: 8 (7272) 9203 84 (ішкі 2172)

Печать