НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ӘСКЕРИ КАФЕДРА!!!

«Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ әскери кафедрасы 2022 жылғы 14 ақпан мен 31 мамыр аралығында әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген студенттерден (ұлдар мен қыздар) құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлайды.

Құжаттар қабылданады: - 1 курс студенттері (4 жылдық оқумен);

-2 курс (5 жылдық оқумен).

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш беру үшін Досмұхамедов көшесі, 15 (Гоголь және Шәріпов көшелерінің қиылысы) мекенжайы бойынша әскери кафедраға келу қажет.

Өзімен бірге болу:

  1. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
  2. Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме).
  3. Көлемі 3х4 см 2 фотосурет.
  4. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
  5. Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса).
  6. Факультетті, мамандық шифрін, оқу курсын және оқу тобын көрсете отырып, студенттің ЖОО-да нақты оқуы туралы анықтама.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 233-78-68, 8701-400-65-44 (сағат 9:00-ден 16:30-ға дейін қоңырау шалу) немесе ҚазХҚжӘТУ ресми сайтында «әскери кафедра» бөлімінде басты бетте.

Печать