Алматы қаласындағы ЖОО-да қытай тілі бөлімінде оқитын студенттер арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауын ұйымдастырады

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің Шығыстану факультеті, шығыс тілдері аударма кафедрасы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций институтынының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналған Алматы қаласындағы ЖОО-да қытай тілі бөлімінде оқитын студенттер арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауын ұйымдастырады. Соған орай, байқауға қатысуға ынта білдірген барлық студенттерді шақырамыз! 

Байқаудың мақсаты - Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту. Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

І бөлімде - Байқауға қатысушылар Абайдың білім және ғылым тақырыптарындағы кез-келген қара сөзін қазақ және қытай тілдерінде жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3 минуттан аспауы керек.

ІІ бөлімде - Байқауға қатысушылар Абай өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде көркем шеберлікпен жатқа орындау. Уақыты 3 минуттан аспауы тиіс.

Байқауға қатысуға өтініштер 25 қарашаға дейін қабылданады.

Байқаудың уақыты: 2022 жылдың 1 желтоқсан, сағат 11:00-де.

Орны: Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің 3 оқу ғимараты, көк залы.

Ұйымдастырушылар: Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің Шығыстану факультеті,  шығыс тілдері аударма кафедрасы, 

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций институты.

Байқауға қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласыңыздар: +7 701 586 08 23 – Ашимбаева Асем Куатбековна.

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Қатысушы өтінімі

Студенттің аты-жөні 

 

Мамандығы, курс, бөлімі

 

Жетекшісі

               

Мекен-жайы 

 

ЖОО-ның атауы

 

Шығарма атауы

І бөлім

 

ІІ бөлім

 

Телефон нөмірі

 

Электронды пошта 

 

 

 

Печать