23-ші кезекті халықаралық «Әлем қытай тілі көпірі» байқауының жеңімпазы

02.09.2024 жылы Қытайда 130 елден 147 қатысушы қатысқан 23-ші кезекті халықаралық «Әлем қытай тілі көпірі» байқауы аяқталды. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, шығыстану факультетінің «Шетел филология (қытай тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша түлегі Кулмагамбетова Аружан Азия  елдерінің қатысушылары арасында жеңіске жетіп, 1 орынға ие болды.

Қоғаммен байланыс мамандығы студенттерінде мастер класс

2024 жылдың 25 сәуірінде “Қоғаммен байланыс” мамандығының студенттерімен, 24kz_tv және avtoradio.kz теле жүргізушісі Оразов Диас “журналистика мен пиарлың арақатынасы ” атты тақырыбында мастер класс өтті.

Шығыс тілдерінде білім берудің 30 жыл толуына арналған «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіндегі шығыс тілдері: өткені, бүгіні, болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел

Шығыстану факультеті Корейтану орталығымен бірлесе отырып 2024 жылы 18 сәуірде Шығыс тілдерінде білім берудің 30 жыл толуына арналған «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіндегі шығыс тілдері: өткені, бүгіні, болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өткізді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ

«ТІЛ. МӘДЕНИЕТ. БАЙЛАНЫС» Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (РФ Челябі қ.) базасында өтті. Өкіл және ғылыми әлемге танымал Форум әртүрлі елдерден бірнеше жүздеген жас ғалымдардың басын қосты.

Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдар» атты жас ғалымдар мен мамандардың Х Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2024 жылдың 11-12 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдар» атты жас ғалымдар мен мамандардың Х Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  

"PR мамандығының қоғамға әсері" мастер класс

2024 жылдың 13 ақпанында "Қоғаммен байланыс" мамандығының студенттеріне PR эксперті Асель Алимхановадан "PR мамандығының қоғамға әсері" тақырыбына мастер класс өтті.

Qxford Qazaq Dictionary сөздігінің 65 данасы ҚазХҚжӘТУ кітапханасына түсті

Қазақ-ағылшын сөздігін құрастыру идеясын алғаш рет 2011 жылы Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұсынған болатын. 2011 жылы басталған жоба 2014 жылы аяқталып, қазақша-ағылшынша онлайн сөздігі ретінде жарық көрді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық аударма бюросында сөздік жұмысы қайта жанданды, оның аясында сөздік толықтырылып, өңделіп, редакцияланып, 2023 жылдың соңында Qxford Qazaq Dictionary деген атпен 10 000 дана басып шығарды.

Жас зерттеуші Ділнәр Меллаттың Қытайға ғылыми іссапары

Шығыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Қытайда қорғаған Меллат Ділнәр ҚХР Тілдерді оқыту және ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған жас синолог-зерттеушілер курсында ғылыми бағытын жетілдіріп қайтты. Бұл бағдарламаға әлемнің түкпір-түкпірінен 22 жас зерттеуші қатысты, оның ішінде оқытушы Д. Меллат Қазақстанның атынан жалғыз қатысып, сертификат алды.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Күшіміз бірлікте» атты еріктілер форумы өтті

2023 жылғы 8 желтоқсанда Ablai Khan University-де университет студенттері, "Еріктілер лигасы" және "Көмек" еріктілер ұйымдарының мүшелерінің қатысуымен "Күшіміз бірлікте" атты университетішілік еріктілер форумы өтті. Университет ректоры С.С. Кунанбаеваның атынан қатысушыларды Халықаралық еріктілер күнімен Идеология және қоғамдық даму басқармасының басшысы Г.С. Егенбаева құттықтау сөзін жолдады.

Шығыстану факультетінің студенттері «Болашақ» жобасының түлегімен кездесті

Республика күнін мерекелеумен орай, 2022 жылдың 28-ші қазанында Шығыстану факультетінде студенттердің «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мұхамедияр Саят Қанатұлымен кездесуі өтті.

"Сбербанк" АҚ бас талдаушысы Мұрат Бақдәулеттің қонақ дәрісі

2022 жылдың 17 маусымында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де Халықаралық Құқық және Экономика Факультетінің 2 курс студенттерінің "Бизнес және басқару" дайындық бағыты бойынша оқу практикасын өткізу аясында факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары профессор А. А. Ақпарованың жетекшілігімен 2017 жылғы "Экономика" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура түлегі, "Сбербанк" АҚ бас талдаушысы - Мурат Бакдаулеттің дәрісі ұйымдастырылды.