Шығыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Қытайда қорғаған Меллат Ділнәр ҚХР Тілдерді оқыту және ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған жас синолог-зерттеушілер курсында ғылыми бағытын жетілдіріп қайтты. Бұл бағдарламаға әлемнің түкпір-түкпірінен 22 жас зерттеуші қатысты, оның ішінде оқытушы Д. Меллат Қазақстанның атынан жалғыз қатысып, сертификат алды.
2023 жылдың 4-10 желтоқсан аралығындағы ғылыми іссапар барысында QS рейтингі бойынша дүние жүзіндегі университеттер арасында 17-орынды иемденген Пекин университетінің және ҚХР Тілдерді оқыту және ынтымақтастық орталығының шақыруымен Меллат Дилнар қытай тілі бойынша Бірінші дүниежүзілік конференцияға қатысып, қытай тілінде «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы Z дәуірі» тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ Бейжің білім беру теледидарына сұхбат берді.
Меллат Дилнар - келешегі зор жас ғалым және Алматы қаласының ЖОО оқытушылары арасында 1-ші орынды иеленген 2023 жылғы қытай тілінің үздік оқытушысы, республикалық «Үздік жас маман» байқауында 1-дәрежелі дипломмен марапатталған өз ісінің білгір маманы.
Меллат Дилнарға ғылыми және оқытушылық қызметінде табыс тілейміз !