«Қазақстан Республикасындағы туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлау рөлі»

2023 жылдың 9 қараша айында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Менеджмент және халықаралық коммуникациялар» факультеті қонақжайлылық менеджменті кафедрасы 6В11102 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 1 курс 101 тобының студенттері Жапарбай Амина мен Хожалиева Балнұр Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте өткізілген «Ел үміті» пікірсайыс клубы ұйымдастырған пікірсайыс турниріне қатысты. Ғылыми жетекшілері - кафедра меңгерушісі Ракымжанова С.С., э.ғ.к., доцент Заманбекова А.Б., оқытушы Нұғманова А.Д., аға оқытушы Кәрімов Д.Ж. Турнирге мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қазанқап Г.Т. жетекшілік еткен 11 сынып оқушылары қатысты.

Ablai Khan University студенттері «Азиямен диалог» Халықаралық мектебіне қатысты

2023 жылдың 7-10 қарашасы аралығында Сахалин мемлекеттік университетінің Филология, тарих және шығыстану институтында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің шығыстану факультетінің студенттері «Басымдық-2030. Қиыр Шығыс» дамыту бағдарламасы аясында «Азиямен диалог» халықаралық мектебінің жұмысына қатысты.

Біздің студенттер халықаралық байқауларда жүлделі орындар жеңіп алуда

Біздің университет Бельгияның Брюссель қаласында орналасқан EURHODIP туризм және қонақжайлылық саласында мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары қауымдастығының мүшесі болып табылады. Аталған қауымдастықпен ынтымақтастық аясында «туризм» және «мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтарының студенттері жыл сайын халықаралық студенттер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Аталған іс-шараның өтетін орны жыл сайын өзгеріп отырады және түрлі елдерде өткізіледі.

«Отанымыздың түтіні де біз үшін тәтті әрі жағымды...!» атты патриоттық бейнероликтер байқауы

Теориялық және қолданбалы тілтану кафедрасы ұйымдастырған 2023 жылдың 3 қарашасында Республика күніне арналған «Отанымыздың түтіні де біз үшін тәтті әрі жағымды...!» атты бейнероликтер байқауы өтті. Іс-шара орыс және қазақ әдебиеті классиктерінің поэтикалық мұрасын насихаттау, Отанға, тілге, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық бағыттағы классикалық және заманауи поэзия шығармаларын насихаттау, көркем сөз жанрын меңгерген талантты орындаушыларды ынталандыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл іс-шарада университеттің 1 курс студенттері арасында орыс және қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы

28-29 қазан аралығында университетіміздің «Pantheon» пікірсайыс клубының координаторы, Аударма және филология факультетінің 3-ші курс студенті Эркулова Розгуль М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Ректор кубогына арналған Республикалық пікірсайыс турниріне қатысты.

Нетворкинг-кездесу «Менің өміріме әсер еткен кітап»

Көптеген адамдар өмір жолында айтарлықтай қиындықтарға тап болады: бұл идеологиялық дағдарыс, ақша мен уақыттың жетіспеушілігі немесе тіпті жалқаулық болуы мүмкін. Әрине, әр адам бұл қиындықтарды өз бетінше жеңе алады, бірақ дәл осындай жағдайды бастан өткерген басқа адамдар бар - олар ұқсас жағдайда қалай әрекет ету керектігін біледі және өз тәжірибесін кеңеске мұқтаж басқа адамдармен бөлісуге дайын. Әрине, дана кітап басқа адамдардың тәжірибесінен үйренуге және қателіктерден аулақ болуға, табысты және бақытты болуға ең жақсы көмекші құрал бола алады.

«6В11101 Туризм» және «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары студенттеріне арналған халықаралық тағылымдама

«6В11101 Туризм» және «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттеріне халықаралық тағылымдама ұйымдастыру мақсатында Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті Түркиядағы ASA HRM компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруда. ASA HRM компаниясы шетел студенттерін жұмыспен қамту және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру саласындағы жеткеші консалтинг және рекрутингтік агенттік болып табылады. Бұл тағылымдама ҚазХҚжәнеӘТУ мен ASA HRM компаниясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылады. Тәжірибе барысында студенттер отельдегі Front Office, Guest Relations, Animation и Food & Beverages бөлімдерінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеп, өз біліктіліктерін дамытады.

Кванджу қаласының білім департаментінен (Корея Республикасы) «Корей мәдениеті күні»

19 қазанда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ  орталық аллеясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ  Корейтану орталығының қолдауымен Кванджу қаласының (Корея Республикасы) білім департаменті ұйымдастырған "Корей мәдениеті күні" өтті.

Қ. Қ. Тоқаевтың ҚХР-дағы Әл-Фараби ескерткішінің ашылуында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дың түлегі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары барысында Бейжің Тіл және мәдениет университетінде Орта ғасырдағы философ және ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби ескерткішін ашты. Рәсімге  Бейжің Тіл және мәдениет университетінде білім алып жатқан докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Елбасы Қытай елінде оқып жатқан қазақстандық студенттер мен магистранттармен кездесіп, сөйлесті.  Осы магистранттар арасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультетінің «Аударма ісі» мамандығының түлегі, «Қытай тілі-көпірі» сайысының 1орын жүлдегері Жанарбекова Дильназ Шалқарқызы да бар.

Васеда университетінің (Жапония) студенттері мен магистранттары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетіне келді

2023 жылдың 14 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетінде профессор Атсуши Огихара бастаған Васеда университетінің (Жапония) делегациясымен кездесу сәтті өтті. 8 адамнан тұратын делегация құрамында Васеда университетінің (Жапония) студенттері, магистранттары және оқытушылары болды. Кездесуге Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және халықаралық қатынастар университеті атынан университеттің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры – Жылтырова Ж.Т., халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі – Әбдіғаппар Т.Е., Шығыстану факультет деканы Қагазбаева Э.М., жапонтану оқытушылары мен «Шетел филологиясы» және «Шығыстану» білім беру бағдарламалары бойынша жапон тілін оқып жатқан барлық курс студенттері қатысты.

«Жас ұрпақты шетел тілі және кітап оқу арқылы өзі-өзін дамыту»

2023  жылдың 14 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Оқытуды және зерттеулерді қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастырумен travel blogger Карима Маликпен нетворкинг-кездесу өтті.Жалпы кездесудің мақсаты-студенттерге тіл үйренуге ұмтылдыру және оқумен қатар өз-өзін дамытуды қолға алуды алға тарту. Кездесуге университетіміздің 1-4 курс студенттері қатысты.Кездесу барысында эксперт әлем бойынша оңай саяхат жасаудың, шет тілдерін үйренудің құпияларымен бөлісті және студенттердің сауалдарына жауап берді.

"Ūiym Fest - 2023" – Студенттік ұйымдар жәрменкесі

Жыл сайын университетте студенттік ұйымдардың жәрмеңкесі өткізіледі. Студенттер өздеріне ұнайтын бағытын таңдап, сабақтан тыс бос уақытын пайдалы өткізуге тырысады.

Биылғы жылы жәрмеңке 14 қыркүйекте өтіп, оған 500-ге жуық бірінші курс студенттері қатысты.

Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім министрінің кеңесшісімен кездесу

2023 жылдың 13 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрінің кеңесшісі Фатима Жақыпованың әкімшілік және педагогикалық ұжыммен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты қызметкерлерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық үлгісін қалыптастыру және енгізу маңыздылығы туралы ақпараттандыру болды.

Кафедрада оқу жылы табысты басталды!

Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасы жаңа оқу жылын табысты жетістіктермен бастады! Университет кітапханасы жаңа оқу құралдарымен молықты.

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Шығыстану факультетінің студенті «Қытай тілі көпірі – 2023» дүниежүзілік қытай тілі байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

2023 жылдың 12 мамырында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінде «Қытай көпірі 2023» Дүниежүзілік қытай тілі байқауының республикалық кезеңінің финалы өтті. Қытайдың тілі мен мәдениетін танудан Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды ​​қалаларынан 26 адам бақ сынады.

"Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде  27-28 сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция барысында шет елдік және отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен докторантары, магистранттар өз жұмыстарын көрсетті.

“Spelling Bee”

28.04.2023 күні ТиПМКК кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен,  Шетел тілдері педагогикалық факультетінің 3-ші курс студенттері арасында “Spelling Bee” атты оқу-танымдық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты ағылшын тілінде ұсынылған сөздер мен терминдердің дұрыс дыбысталуы мен айтылуын қадағалау және дамыту.

I Жыл сайынғы "Абылай хан ақыны"ЖОО ішілік ақындар байқауы

27.04.2023ж Университетіміздің студенттік «Мұрагерлер» поэзия және театр клубының ұйымдастыруымен «Абылай хан ақыны» атты ақындар сайысы өтті.

«БҰҰ -дағы Қытай тілі күні» Қазақстан Республикасының Ғалымдар күніне арналған байқауының қорытындысы

2023 жылдың 17 – 20 cәуір аралығында,  «БҰҰ-дағы қытай тілі күніне» орай Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті мен  Конфуций институты бірлесіп, аударма ісі, шетел филологиясы және шығыстану білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1 – 3 курс студенттері арасында төмендегі жарыстар өткізілді:

1) Қытай тілінде жаңылтпаш айту сайысы

2) Мақал-мәтелдер сайысы

3) Қытайтілінде шығарма жазу және көркем мәтін аудару сайысы 

«When cultures meet» атты тренинг

2023 жылдың 17 сәуірінде АҚШ-тың Power + Systems американдық компаниясы әзірлеген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінде «When cultures meet» атты тренинг өтті.

Тренингті сертификатталған тренерлер Қазақ-Американдық Еркін университетінің (Өскемен) доценті, PhD докторы Д.Вудворд, IT университетінің профессоры, PhD доктор Г.Ешенкулова (Астана), доктор Рональд Вилли (Power +Systems), Қазақстан-Американдық Еркін университетінің профессоры, Дженни Вилли (Power+Systems), Анна Снайдер (Power+Systems) жүргізді.