Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 27-28 сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция барысында шет елдік және отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен докторантары, магистранттар өз жұмыстарын көрсетті.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары мынандай болды:
- Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы заманауи тәсілдер.
- Шет тілінде білім берудің инновациялық-ақпараттық кеңістігінің өзекті мәселелері және Қазақстан мен ТМД елдерінің инновациялық-цифрлық дамуындағы ғылымның маңызы.
- Қазіргі шет тілін оқыту: мәселелері мен болашағы.
- Қазіргі әлемнің геосаяси процестері: тәуекелдер мен қиындықтар.
- Шығыстанудың өзекті мәселелері: тіл білімі, аударматану, тарих, экономика, мәдениет, саясат.
- Экономиканың, халықаралық және ұлттық құқықтың, менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері мен қазіргі тенденциялары.
- Туризм индустриясының, қонақжайлылық пен сервистің дамуының теориясы мен тәжірибесінің өзекті аспектілері.
- Көпмәдениетті және жаһанданушы әлемде қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің құндылықтарының трансформациясы.
- Қазіргі педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен болашағы.