Теориялық және қолданбалы тілтану кафедрасы ұйымдастырған 2023 жылдың 3 қарашасында Республика күніне арналған «Отанымыздың түтіні де біз үшін тәтті әрі жағымды...!» атты бейнероликтер байқауы өтті. Іс-шара орыс және қазақ әдебиеті классиктерінің поэтикалық мұрасын насихаттау, Отанға, тілге, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық бағыттағы классикалық және заманауи поэзия шығармаларын насихаттау, көркем сөз жанрын меңгерген талантты орындаушыларды ынталандыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл іс-шарада университеттің 1 курс студенттері арасында орыс және қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқау қазылар алқасының төрағасы – Т. В. Сережкина – әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор және қазылар алқасының мүшелері: С. Ж. Баяндина – теориялық және қолданбалы тілтану кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор; К. У. Кунакова – педагогика ғылымдарының докторы, кафедра профессоры; К. Л. Кабдулова – педагогика ғылымдарының докторы, кафедра профессоры; Сыздықбаев Н. А. – филология ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті - дайындалған бейнематериалдарды қарап, талдау жүргізді.
Байқау нәтижелері:
1 орын – Тілеубаев Әмір, Жорабек Нұрай (Шетел тілдері педагогикалық факультеті, 103-топ),
2 орын – Ақпан Жәния (Шетел тілдері педагогикалық факультеті, 105-топ), Рахметқали Дильназ (Шетел тілдері педагогикалық факультеті, 106-топ),
3 орын – Шәріпбай Самал (Халықаралық қатынастар факультеті, 101-топ), Алтайқызы Анел (Менеджмент және халықаралық туризм кафедрасы, 101 топ), Қуаныш Фатимаға (Шығыстану факультеті, 119-топ) табысталды.
Сондай-ақ, студенттер патриоттық, өзіндік ерекшелік, туған өлкеге деген сүйіспеншілік, топтың біртұтастығы және т.б. номинациялар бойынша алғыс хаттармен марапатталды: Даниярқызы Камила (Шетел тілдері педагогикалық факультеті, 105-топ), 105 топ студенттері (Шетел тілдері педагогикалық факультеті), Динара Әуелбай (Шетел тілдері педагогикалық факультеті 111-топ), Қайыржан Аяулым (Шетел тілдері педагогикалық факультеті, 110-топ), 102-топ (Шетел тілдері педагогикалық факультеті), Сәрсен Данияр (Шығыстану факультеті, 119 топ), Тауенова Инаят, Момбек Нұрислам (Шетел тілдері педагогикалық факультеті, 111-топ), Қасенғазина Сымбат (Аударма және Филология факультеті, 102-топ), Берикова Адеми (Шетел тілдері педагогикалық факультеті, 115-топ).
Кафедра профессорлары мен доценттері Баяндина С.Ж., Кунакова К.У., Юнусова М.С., Ақбембетова А.Е., Сыздықбаев Н.А., Сапарбаева А.М., Тойшибаева Г.К., Ибадильдина З.Х. студенттердің осы байқауға қатысуын қамтыды.
Кафедра ұжымы университет басшылығына осындай маңызды іс-шараны өткізуге көмектескені үшін, студенттерді бейнероликтер байқауына дайындаған университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына үлкен алғысын білдіреді.