XV Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі аяқталды

2023 жылғы 13-14 сәуірде Алматы технологиялық университетінде (АТУ) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі БББ тобы бойынша XV Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі аяқталды. Олимпиадаға ҚР жоғары оқу орындарының 13 командасы құрамында 72 студент қатысты.

Ағылшын тілі пәнінен оқушылар арасында олимпиада өткізеді

ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шараны өткізу, кәсіптік және білім беру мақсаттары үшін ағылшын тілін меңгерудің қажетті дағдыларын игеру, оқушылардың ағылшын тілі мен мәдениетін одан әрі оқуға деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау бөлігінде білім алушылардың маңызды білім жетістіктерін анықтау мақсатында 14.04.2023 жылы Шет тілдері педагогикалық факультетінің Шет тілінде білім беру әдістемесі кафедрасы ағылшын тілі пәнінен оқушылар арасында олимпиада  өткізеді.

Екінші Халықаралық Г. Р. Державин атындағы олимпиадасына қатысу

Теориялық және қолданбалы тіл білімі  кафедрасының  оқытушылары Абылай хан атындағы  Қазақ  халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінін (ҚазХҚжӘТУ)  орыс бөлімінің бірінші курс студенттерін  Орыс тілі пәні бойынша екінші Халықаралық Г. Р. Державин атындағы  олимпиадасына  дайындады. Олимпиаданың ұйымдастырушылары Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігінің федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «Г. Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті» және Самарқанд экономика және сервис институты (Өзбекстан Республикасы) болды.

Танымдық кеш

Шеттілдік кәсіби даярлау кафедрасының аға оқытушысы Жусупбеков Абай Алихановичтің ұйымдастыруымен өткен танымдық кеш 1 курс магистранттарын ғылыми жұмысқа баулып, университеттің ардагер ұстаздарымен таныстыруға бағытталған тамаша бастама болды.

Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттері – VIII Халықаралық Фараби оқуларының жүлдегерлері

Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттері 2023 ж. 6-7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясында – VIII Халықаралық Фараби оқуларында ғылыми баяндамалар жасап жүлдегер атанды.

Шығыстану факультетінің студенттері «Фараби әлемі» халықаралық конференциясының жеңімпаздары атанды

2023 жылдың 5-6 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де офлайн формат бойынша кезекті «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға факультетіміздің «Шығыстану» білім беру бағдарламасынан 2-4 курс студенттері Байдаулетова А., Тұрарова А.Т., Ердосбаева Б.О., Абылкасымова А.Б., Пелевина К.В., Муратова М.Е., Қапан Н.С., Халел А.С., Кәдір С.Н.,  Ибраимова Н.Д., Ким А.Д. қатысты.

Құттықтаймыз!

Сүйінші!!!!Француз тілінің роман бағытындағы Аударма және филология факультет 1 және 2 курс студенттерінің 5-і AMICIF бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті. Бұл тағылымдаманың мақсаты-18-25 жас аралығындағы франкофондар үшін француз тілі мен мәдениетін тарату, сондай-ақ мәдениетаралық диалогты дамыту. Тағылымдамадан өту орны Франция (қалалар мен аймақтар)

Kazumo MUN конференциясы

31 Наурызда UN Plaza-да биылғы алғашқы Kazumo MUN конференциясы өткізілді. Құрметті қонақтардың қатарында Властимил Самек (БҰҰ-ның Алматыдағы Жаһандық Коммуникациялар Департаментінің Өкілі) және Чад Киннир (Америка Құрама Штаттарының Бас Консулдығының Қоғаммен Байланыс Жөніндегі Көмекшісі) болды.

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ КӨШІ ҚОНУ ПРОЦЕСТЕРІ. БІРІККЕН АЗИЯ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ.

2023 жылдың 1 ақпанынан бастап «Eurasia Foundation»жапондық қорының демеушілігімен «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» АҚ халықаралық қатынастар факультетінде «Migration processes in the modern world, United Asian Community» курсы апта сайын өткізілуде. Белгілі болғандай, 3 жыл бойы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Біріккен Азия – Бір Әлем» ғылыми жобасының жетекшісі профессор З.С. Айдарбеков болып табылады, ал жобаның үйлестірушісі Қазақстанның жаңа тарихы және дүниетану пәндері кафедрасының доценті В.Х. Хайруллаева.

"Жас журналист"студенттік үйірмесі

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының доценті Абжанова Т.А. "Жас журналист"студенттік үйірмесін құрды.

«Türk Merasimleri» атты кеш

Студенттер мен қонақтарды түрік халқының мәдениеті, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен таныстыру мақсатында, 17 наурызда  шығыстану факультетінде  шығыс филологиясы кафедрасы  түрік тілі бөлімінің  1 - 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Türk Merasimleri" атты кеш өтті.  

2 курс студенті Эргашова Мавлюда Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында өткен түрік поэзиясын оқу байқауында екінші орын алды

16 наурызда Әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шығыстану факультеті Түріксой кафедрасының  ұйымдастыруымен түрік тілінде мәнерлеп өлең оқудан жарыс болды. Бұл жарысқа Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының  34 студенті қатысты.

"Менеджмент" пәні бойынша Халықаралық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы

"Менеджмент" пәні бойынша Халықаралық студенттік пәндік олимпиадаға 13 команда, Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және шет елдерден 39 студент қатысты. Командалардың қатысушылары мен ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді, ал келесі командаларға дипломдар мен мақтау қағазы берілді:

Кәсіптік шет тілінен пәндік олимпиада

Студенттердің шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін тексеру, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби дайындығын арттыру мақсатында 2023 жылдың 14-15 наурызында «Кәсіби шетел тілі (экономикалық-құқықтық бағыт)» кафедрасының оқытушылары «6В041 – Бизнес және менеджмент» және «6В042 – Құқық» мамандықтарының 3 курс студенттері арасында кәсіби шетел тілі пәні бойынша пәндік олимпиада өткізді. Студенттер олимпиадаға белсене қатысып, өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын кәсіби шетел тілінде көрсете білді.

Шығыстану факультетінің ПОҚ-ы Әзірбайжанда өткен корейтану бойынша халықаралық конференцияға белсенді қатысты.

13-15 наурыз аралығында Әзірбайжан тілдер университетінде Эрджиес университетінің (Түркия) корейтану саласындағы Еуразиялық зерттеулер орталығы ұйымдастырған корейтану бойынша 3-ші халықаралық конференция өтті.  

Бұл халықаралық конференцияға Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Корея Республикасы, Өзбекстан және Ресей сияқты жеті елдің белгілі корейтанушы ғалымдары да, жас зерттеушілері де қатысты. Қазақстанның атынан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Назарбаев Университетінің қатысушылары қатысты.

М. Әуезов мұрасы және қазіргі заманауи жастар әлемі

2023 жылы 15-наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері  университетінің Қазақ филологиясы кафедрасы, Мемлекеттік тілді дамыту орталығы  және  М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясы  бірлесіп ұйымдастырған Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «М.Әуезов мұрасы және қазіргі заманауи жастар әлемі» атты спикерлер алаңы өтті.

"Кәсіпорын экономикасы" пәні бойынша өңірлік студенттік олимпиаданың қорытындысы

"Кәсіпорын экономикасы" пәні бойынша өңірлік студенттік пәндік олимпиадаға Қазақстанның түрлі қалаларынан 11 команда, 33 студент қатысты.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2023 жылдың 10 наурызында сағат 10 - да "Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойынша офлайн аймақтық олимпиаданы және "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасы бойынша онлайн

"Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойынша 9 команда қатысты. Командалар Алматы қаласының барлық университеттерінен болды. Гран-приді Нархоз университетінің "Знатоки право" командасы жеңіп алды.

Авжанова Айназ-университеттің франкофония агенттігі (АUF) және Румыниядағы халықаралық Француз радиосы ұйымдастырған аударма байқауының стипендиаттарының бірі.

Университеттік Франкофония агенттігі (AUF) мен Румыниядағы Халықаралық француз радиосының ұйымдастыруымен аударма ісі бойынша қашықтықтан білім беру бағдарламасы аясында студенттер арасында 4 айлық грантқа байқау жарияланды. 21 жоғары оқу орнынан 43 қатысушының ішінде осы бағдарламаның стипендиаттарының бірі ретінде аударма және филология факультетінің роман бөлімінің ( француз тілі) 2 курс студенті Авжанова Айназ таңдалынды.

Халықаралық экономика және құқық факультеті студенттерінің академиялық ұтқырлығы!

✨Біздің университет үшін академиялық ұтқырлық - бакалаврларды даярлаудағы маңызды бағыттардың бірі. Біздің университет студенттер алатын тәжірибе мен практикалық дағдыларды кәсіби салада қолдана алатындай етіп әр серіктес университетті таңдауға өте мұқият қарайды!
📌UPVN Jacarta осындай жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, онда қазір халықаралық экономика және құқық факультетінің студенттері орналасады.