31 Наурызда UN Plaza-да биылғы алғашқы Kazumo MUN конференциясы өткізілді. Құрметті қонақтардың қатарында Властимил Самек (БҰҰ-ның Алматыдағы Жаһандық Коммуникациялар Департаментінің Өкілі) және Чад Киннир (Америка Құрама Штаттарының Бас Консулдығының Қоғаммен Байланыс Жөніндегі Көмекшісі) болды.
Халықаралық Қатынастар факультетінің деканы Алия Сержанова мен Халықаралық Қатынастар кафедрасының бас меңгерушісі Гүлнаш Асхатқызы мотивациялық сөз сөйледі. Отырыстар БҰҰ - ның ресми тілінде - ағылшын тілінде өтті. Делегаттар өз қарарларын алға тартты және бір жұмыс комитетімен - DISEC (Disarmament and International Security Committee) блоктар құрды. Күн тәртібі бойынша жемісті келіссөздерден кейін (Жастарды Әлеуметтік Желілер арқылы Террористер Қатарына Тарту Мәселелеріне қарсы Тұру және Шешу) олар қарар бойынша келісімге келді, оның тармақтары, біздің ойымызша, болашақта бейбітшілікті сақтауға үлкен үлес қосады. Директорлар кеңесі мен өкілдерінің арасында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің және Назарбаев Зияткерлік мектебінің (физика-математикалық бағыт) студенттері болды.
Хатшылықтың құрамында:
- Самал Қадырқұлова - Бас хатшы, 2 курс Аймақтану;
- Темірлан Сайлаубай - Бас хатшының Орынбасары, 2 курс Халықаралық Қатынастар;
- Айдана Талғатова - Бас хатшының Қаржы Жөніндегі Орынбасары, 2 курс Аймақтану;
- Шыңғыс Рамазанов - Бас хатшының Делегаттар жөніндегі Орынбасары, 3 курс Халықаралық Қатынастар;
- Ақылбек Баймиров - Бас хатшының делегаттар Жөніндегі Орынбасары, 3 курс Халықаралық Қатынастар;
- Тамирис Жанатаева - IT Көмекші, 2 курс Халықаралық Қатынастар;
- Дидар Ермекұлы - Ерікті, 1 курс Халықаралық Қатынастар.
Номинанттар қатарында 3 курс Халықаралық Қатынастар студенттері. Номинациялар: Үздік Делегат, Құрметті Ескеру, және Үздік Позициялық Парақ.
Бізде осындай керемет мүшелер болғанына қуаныштымыз! Келесі конференцияны асыға күтеміз!