Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттері 2023 ж. 6-7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясында – VIII Халықаралық Фараби оқуларында ғылыми баяндамалар жасап жүлдегер атанды.
Конференция қорытындысы бойынша осы факультеттің төмендегі студенттері 3-орынды жеңіп алып, дипломдармен марапатталды:
Факультеттің 1-курс студенттері: Эсенгали Диана Бауыржанқызы, Балтабай Назерке Едігеқызы, Құрбанбек Ұлпан Сәкенқызы, ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымд. проф. Жанақова Н.Т.; Әбжан Самал Нұрботақызы, Оңғарбек Дина Омарбекқызы, ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымд. проф. Жүзтаева Б.Н.