2023 жылғы 13-14 сәуірде Алматы технологиялық университетінде (АТУ) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі БББ тобы бойынша XV Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі аяқталды. Олимпиадаға ҚР жоғары оқу орындарының 13 командасы құрамында 72 студент қатысты.
Республикалық пәндік олимпиаданың командалық біріншілігінің қорытындысы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ В093 - Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі БББ 3 курс студенттері – Аманжол Алина Айбековна, Сарсенбаева Асель Габитовна, Тулюсова Еркеназ Жанабаевна, Төретай Әлима Қабылжанқызы жүлделі III орынға ие болды.
Республикалық пәндік олимпиаданың жеке біріншілігінің қорытындысы бойынша біздің В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі БББ 3 курс студенті Сәрсенбаева Әсел Ғабитқызы жүлделі 3 орынға ие болды.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ командасының ғылыми жетекшісі Қонақжайлылық менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, қызмет көрсету саласының магистрі Дәурен Жалғасұлы Кәрімов Алматы технологиялық университетінің ректоры, Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастырушыларының алғыс хатымен марапатталды.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі БББ қазақ бөлімінің 3 курс студенттеріне – Аманжол Алинаға, Сәрсенбаева Әселге, Тулюсова Еркеназға, Төретай Әлимаға, ғылыми жетекшісі Дәурен Жалғасұлы Кәрімовке үлкен алғысымызды білдіреміз! Ғылыми, кәсіби және білім беру қызметінде шығармашылық табыс тілейміз!!! Команданың жетістігі - біздің студенттер мен оқытушылардың бірлескен жемісті жұмысының нәтижесі!!!