10
ШЕТ ТІЛІ
7000
СТУДЕНТ
90 000
ТҮЛЕК

Жаңалықтар

  • Экологиялық мәдениетті қалыптастыру: профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер ЭКО-ХАБ-қа барды

    Университет студенттік жастары арасында экологиялық мәдениетті дамыту бағдарламасы аясында 2025 жылғы 10 қарашада Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ «Білім беру ұйымдарында экологиялық ағарту және экологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктері» тақырыбында дәріс ұйымдастырды.

    Нояб 10, 2025

  • «Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ QS World University Rankings 2026 рейтингтік циклінде

    Алматы, 2024 жылғы 1 қараша: QS Quacquarelli Symonds, жоғары білім саласындағы жаһандық талдамалық агенттік QS World University Rankings: 2026 жаңа шығарылымын жариялады.

    Халықаралық тану, ғылыми зерттеулерді дамыту, білім беру ортасының сапасы, интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық саласындағы жоғары оқу орындарының жиынтық бағасын ұсына отырып, ағымдағы жылдың халықаралық рейтингі онда қаралған және сараланған жоғары оқу орындарының саны бойынша ең үлкені болды – 106 ел мен аумақтан 8467 ЖЖОКБҰ.

    Нояб 04, 2025

  • Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Малайзияда

    2025 жылдың 6 қазанынан 2026 жылдың 16 ақпанына дейін Шет тілдері педагогикалық факультетінің студенттері Малайзияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі - National University Kebangsaan Malaysia (UKM) университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда.

    Нояб 04, 2025

  • АСТАНАДА «ҚАЗАҚСТАН – АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМ АЙМАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

    2025 жылдың 31 қазанында Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, сондай-ақ әлемдік университеттер мен халықаралық агенттіктер басшыларының қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумы өтті. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ атынан Басқарма төрағасы-Ректордың міндетін атқарушы Кунанбаева Дана Ануварбековна форумға қатысты.

    Окт 31, 2025

  • ҚазХҚжӘТУ студенттерінің InternetCA-2025 XVI Орталық Азия интернет-форумына қатысуы

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттері 2025 жылдың 31 қазанында Алматы қаласында өткен «Еркін қоғамдар үшін еркін интернет: идеялар мен шешімдер» тақырыбындағы InternetCA-2025 XVI Орталық Азия интернет-форумына қатысты. Іс-шараны MediaNet халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырды.

    Окт 31, 2025

Хабарландырулар

  • Білім беру грантын өтеу бойынша кездесу

    «Қаржы орталығы» АҚ 2026 жылғы түлектерді мемлекеттік білім беру тапсырысы гранттарын өтеу мәселелеріне арналған ақпараттық кездесуге шақырады.

    Кездесу барысында өтеу тәртібі мен негізгі талаптар түсіндіріліп, грант шарттарын орындау үшін түлектерге қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беріледі.

    Нояб 10, 2025

  • «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ, орыс және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» атты байқау

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Конфуций институты мен Шығыстану факультеті Шығыс тілдер аударма кафедрасы бірлесіп, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында қытай тілі оқу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан, сондай-ақ алмасу бағдарламасы аясында қазақ және орыс тілдерін меңгеріп жүрген қытай студенттері арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ, орыс және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» атты байқау өткізеді.

    Окт 23, 2025

  • 2026 жылғы түлектерге арналған Шекара қызметінің мүмкіндіктері

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы» РММ 2026 жылғы бітіруші курс студенттерін шекара қызметіндегі қауіпсіздік мәселелері мен жұмыс ерекшеліктеріне арналған ақпараттық кездесуге шақырады.

    Окт 20, 2025

  • «Coca-Cola Алматы Боттлерс» компаниясымен бірге сұхбаттасу дағдыларын дамыту

    «Кока-Кола Алматы Боттлерс» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС студенттерді ірі және халықаралық компанияларда сұхбаттан сәтті өту жөніндегі ұсыныстарды талқылайтын таныстырылым кездесуіне қатысуға шақырады.

    Мамандардың кеңесін алып, өзекті сұрақтарыңызды қойып, сұхбаттасу дағдыларыңызды жетілдіруге мүмкіндік алыңыз!

    Окт 20, 2025

  • «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағын беру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

    Құрметті әріптестер!

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2025"атағын беруге конкурс жариялады.

    Конкурс "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

    Окт 20, 2025

Конференциялар

ҚазХҚжӘТУ университетінің 3D туры

универсиада замена