26 қаңтар күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде студенттердің менталдық денсаулығына арналған маңызды кездесу өтті. Бұл тақырып қазіргі заманғы тәрбиелік және білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Шығыстану факультетінің 70-тен астам бірінші курс студенті өздерін алаңдататын мәселелер — эмоционалдық жағдай, мазасыздық және өзіне әрі айналасындағыларға дер кезінде қолдау көрсету жолдары туралы ашық әрі шынайы әңгіме жүргізу үшін жиналды.
Янв 26, 2026
22 қаңтар, 2026ж. «Ивент-менеджмент» пәні (майнор) аясында 6B11101 «Туризм» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері және 6B11102 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері үшін дәріс өтті. Дәріс лекторы «Алматы Туризм Бюросы» ұйымының маркетинг бөлімінің жетекшісі - Копжанов Дауржан. Лектор туризм және қонақжайлылық саласындағы практикалық тәжірибесімен бөлісті. Дәріс барысында маркетинг және жарнама мәселелері, сондай-ақ шетелдік серіктестермен, туроператорлармен және цифрлық платформалармен коллаборация ерекшеліктері қарастырылды. Халықаралық ынтымақтастық тетіктері, іс-шараларды сыртқы нарықтарда ілгерілету, кәсіби желілер және платформалармен жұмыс, сондай-ақ ивент-индустриясындағы халықаралық серіктестер қоятын талаптар мен стандарттар талқыланды.
Янв 22, 2026
2026 ж. 22 қаңтарда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Хангук университетінің профессоры Ким Сан Чольдің «XXI ғасырдағы Орталық Азиядағы “Жаңа үлкен ойынның” өзгерістері және жұмсақ күш саласындағы бәсекелестік (Қазақстан мен Корея жастарының реакциясын салыстырмалы талдау негізінде)» тақырыбында арнайы дәрісі өтті.
Янв 22, 2026
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері Ильяс Имамзаров (4-курс, халықаралық қатынастар мамандығы), Кирилл Воронин (4-курс, халықаралық қатынастар мамандығы) және Ерұлан Арланұлы (3-курс, халықаралық құқық мамандығы) халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі А.Е. Тойғанбаева мен халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.Б. Норузованың басшылығымен 2026 жылдың 22 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақ институтында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы конференциясының (БҰҰ моделі) бейімделген модельдеуінің қорытынды сессиясына қатысты.
Янв 22, 2026
Шығыстану факультетінің 1–2 курс студенттеріне (бастапқы деңгей) арналған қытай тілі бойынша спикинг-клуб Конфуций институтының қолдауымен ұйымдастырылды.
Янв 22, 2026
Студенттік практика бағдарламасы аясында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) студенттерді кәсіби практикадан өтуге шақырады!
Янв 27, 2026
Сіздерді 2025 ж. 21 қаңтарда өтетін «Қытай ғажайыптарының калейдоскопы» атты кешке шақырамыз. Бұл кеште сіздер қытай мәдениетінің бай әрі сан қырлы әлемімен танысасыздар: ұлттық асхана, каллиграфия, кескіндеме, поэзия, би өнері, әдебиет және тағы да көптеген қызықты дүниелер ұсынылады. Дәстүр мен дарын, шабыт пен үйлесімнің ғажайып әлемін бірге ашайық!
Янв 20, 2026
Қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша мемлекеттік білім грантында оқитын студенттердің оқудан шығарылуына байланысты білім беру бағдарламалары бойынша орындар босатылды (2025-2026 ж.1-жартыжылдығы) .
Дек 26, 2025
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Еуразияның жаңа энергетикалық картасын қалыптастырудың қазіргі заманғы мәселелерін, оның даму үрдістері мен перспективаларын пәнаралық контексте талқылау.
Дек 17, 2025
2025 жылдың 27 қарашасында, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 041 – «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша Қазақстанның ЖОО студенттері арасында «Бизнес-жоспарлау» пәнінен Өңірлік студенттік конкурс өткізеді.
13 команда қатысады, соның ішінде:
Конкурстың мақсаты:
Қазақстан Республикасы студент жастарының ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін дамыту.
Бұл конкурс кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға, бизнес-бастамаларды қолдауға және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ете алатын идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.
Қазылар алқасының құрамы (бизнес құрылымдардан):
- Astana Hub — Халықаралық IT-стартаптар технопаркі
- Almaty Hub — Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы жанындағы Аймақтық цифрлық технологиялар орталығы
- MOST Business Incubator — стартаптар мен жастар кәсіпкерлігін қолдайтын жеке ұйым
- BRICS Alliance — инвесторлар альянсының өкілі: Муктарқанов Тимур Гайллолаевич
- MEAS Group ЖШС — директор, бизнес-тренер, акселератор, фасилитатор: Евгения Шефер
Ұйымдастыру комитеті:
- ҒЗЖ, СҒЗЖ жетекшісі, халықаралық құқық және бизнес факультеті, э.ғ.к., PhD, профессор — Акпарова А.А.
- «Халықаралық бизнес трендтері» жобасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, профессор — Сариева Ж.И.
- «StartUp» зертханасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор — Абинова А.Ю.
- «Бизнес-жоспарлау» пәнінің оқытушысы, сарапшы, тренер, э.ғ.м., аға оқытушы — Отынбай Е.Б.
Өткізу тілдері: қазақ тілі, орыс тілі
Формат: офлайн және онлайн
Нояб 24, 2025
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасының қамқорлығымен "Түркі әлемі: сайлау жүйелерін дамытудың дәстүрлері, практикасы және перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылады. Конференция 2025 жылдың 14 мамырында Түкістан қаласы, Х.А. Ясави атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің базасында өтеді.
Март 28, 2025
2025 жылғы 10-11 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың XI Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 05, 2025
2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 11, 2024
Құрметті әріптестер!
2023 жылы 27 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімімен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Окт 12, 2023
2023 жылдың 16-17 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.
Сен 22, 2023