2026 жылғы 26 ақпанда ӘМжәнеТЖ жөніндегі проректор Серёжкина Т.В.-ның қатысуымен кафедралардың кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты оқытушыларымен онлайн-кездесу өтті. Кездесу барысында 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанына дайындық шеңберінде I жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындылары және алдағы жоспарлар талқыланды.
Фев 26, 2026
25 ақпанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде республикалық «Мен - осында. 1001 тарих» жобасының ресми ашылуы өтті. Жоба ел тұрғындарын біріктіруді және бір көлікте ең көп қолтаңба жинау бойынша Guinness World Records әлемдік рекордын орнатуды мақсат етеді.
Фев 25, 2026
2026 жылғы 25 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығын мерекелеу аясында Халықаралық қатынастар орталығының салтанатты ашылуы өтті, оған профессорлық-оқытушылар құрамы, аспиранттар мен докторанттар қатысты.
Фев 25, 2026
Біз, «7М02211 – Шығыстану» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары — Баизова Лейла және Сыздықова Айдана, 2025 жылғы 7–16 қараша аралығында Қытай Халық Республикасында өткен тағылымдамаға қатыстық. Тағылымдама Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында (Үрімші қ.) және Сиань қаласында өтті.
Фев 25, 2026
2026 жылғы 24 ақпанда «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасының студенттері үшін Қазақстандағы ірі сақтандыру компанияларының бірі – «Nomad Insurance» АҚ өкілдерінің қатысуымен қонақ дәрісі өткізілді.
Фев 24, 2026
2026 жылы Алматы қаласында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Бір ән салайын» қалалық музыкалық дуэттер байқауын өткізу жоспарлануда.
Фев 25, 2026
«Қазахстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» РММ жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарына конкурс жариялайды.
Фев 18, 2026
24 ақпанда сағат 10:00-де (1-оқу корпусы, 219-аудитория) «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес» кафедрасының бизнес-серіктесі — «Nomad Insurance» АҚ өкілдерінің қонақ дәрісі өтеді.
Фев 13, 2026
Студенттік практика бағдарламасы аясында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) студенттерді кәсіби практикадан өтуге шақырады!
Янв 27, 2026
Сіздерді 2025 ж. 21 қаңтарда өтетін «Қытай ғажайыптарының калейдоскопы» атты кешке шақырамыз. Бұл кеште сіздер қытай мәдениетінің бай әрі сан қырлы әлемімен танысасыздар: ұлттық асхана, каллиграфия, кескіндеме, поэзия, би өнері, әдебиет және тағы да көптеген қызықты дүниелер ұсынылады. Дәстүр мен дарын, шабыт пен үйлесімнің ғажайып әлемін бірге ашайық!
Янв 20, 2026
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасының қамқорлығымен "Түркі әлемі: сайлау жүйелерін дамытудың дәстүрлері, практикасы және перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылады. Конференция 2025 жылдың 14 мамырында Түкістан қаласы, Х.А. Ясави атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің базасында өтеді.
Март 28, 2025
2025 жылғы 10-11 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың XI Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 05, 2025
2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 11, 2024
Құрметті әріптестер!
2023 жылы 27 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімімен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Окт 12, 2023
2023 жылдың 16-17 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.
Сен 22, 2023