11
ШЕТ ТІЛДЕРІ
7000
СТУДЕНТТЕР
90 000
ТҮЛЕКТЕР

Университет жаңалықтары

  • Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жазғы мектебі

    Ablai Khan University студенттерге бай мәдени мұраға және тілдік ортаға енуге бірегей мүмкіндік ұсынатын орыс тілі жазғы мектебінің басталғанын мақтанышпен хабарлайды. 10-30 маусым аралығында қатысушылар университеттің тәжірибелі профессорларының жетекшілігімен өтетін үш апталық қарқынды сабақтарды тамашай алады.

    Май 06, 2024

  • «Шетел тілдері» мамандық топтары бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадасы

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында 02-03 мамырда студенттер арасында «Шетел тілдері» және «Гуманитарлық ғылымдар» мамандық топтары бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу туралы 01.04.2024 жылғы №14-0/1420  бұйрыққа сәйкес II кезең болып өтті.

    Май 03, 2024

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелерімен кездесу

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 3 мамыр 2024 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Бегалиев Ернар Нұрлановичпен және Нұрбеков Айдын Маратовичпен Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің білім алушылары, магистранттары және профессор-оқытушы құрамы үшін кездесу өтті.

    Май 03, 2024

  • Ұлы Отан соғысын еске алуға арналған іс-шаралар өткізді

    Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының оқытушылары Ұлы Отан соғысын еске алуға арналған іс-шаралар өткізді.

    Ұлы Отан соғысын еске алу ата-бабалардың өнеге және білімін , тарихи дерек көздерін және даналығын еске алып, сақтауға, одан бөлек, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге көмектеседі.

    Соғыстың “қанды”естелігі елдердің бейбіт өмір сүруі баға жетпес құндылық, ал адам өмірінің орасан зор байлық екенін еске салады. Сондықтан да, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің қандай бағамен жеткенін, ең бастысы, ата-бабаларымыз не үшін шайқасқанын әрқашан естен шығармауымыз керек. Ата-бабаларымыз жанын беруге дайын болды, себебі,отбасы, Отан, болашақ ұрпақтың жарқын өмірі үшін қан мен тер төгіп,  өлім мен өмір арасында алпарысты.

    Май 02, 2024

  • AU студенттері "Қазақстан Республикасының үздік студенті" байқауында жеңімпаз атанды

    AU-дің Шет тілдері педагогикалық факультетінің студенттері Қарлыбай Қуаныш, Тойшы Таңшолпан, Рахимжанова Севинч, Мархмад Айым, Сатыбалды Амина; Аударма және филология факультетінің студенті Маратқызы Шалқыма және Менеджмент және халықарылық коммуникациялар факультетінің студенті Жаукебаева Аяулым "Қазақстан Республикасының үздік студенті" байқауында топ жарып, I дәрежелі диплом иегері атанды. Марапат «Әділетті Қазақстанның тірегі - адал жастар» республикалық форумы аясында табысталды.

    Апр 30, 2024

Хабарландырулар

Конференциялар

ҚазХҚжӘТУ университетінің 3D туры

универсиада замена