11
ШЕТ ТІЛДЕРІ
7000
СТУДЕНТТЕР
90 000
ТҮЛЕКТЕР

Университет жаңалықтары

  • "Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар" тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

    Ұлыс Жошының 800 жылдығын мерекелеу аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

    Апр 25, 2024

  • ҚазХҚжӘТУ студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған көрмеде

    24 сәуір күні Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Н.Т.Жанақованың басқаруымен Шығыстану факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткізіліп жатқан ұлы ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған көрмемен танысты. Көрмеге қойылған ғалым өмірі мен қызметіне байланысты мұрағат, құжат, баспасөз, кітап материалдары туралы кітапхананың қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Ф.Бектұрбекова, кітапханашылар Р.Мыспаева, Қ.Алтынбекұлы жан-жақты әңгімелеп, экскурсия жүргізді. Одан кейін студенттер кітапхана музейін, Қытай, Иран, Корея, Ресей, Үндістан мәдени орталықтарын, басқа да салалық залдарды, сонымен бірге белгілі жазушылар Ә.Нұршайықов пен Г.Бельгердің кабинеттерін аралап көрді.

    Апр 25, 2024

  • «БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ: СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТРЕНДТЕРІ МЕН ҚАТЕРЛЕРІ» дөңгелек үстел

    «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 11.00-де дөңгелек үстел өткізілді.

    Тақырыбы:  «БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ: СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТРЕНДТЕРІ МЕН ҚАТЕРЛЕРІ».

    Апр 24, 2024

  • Оқушыларға арналған ағылшын тілінен пәндік Олимпиада

    2024 жылдың 23 сәуірінде «Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасы Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттік белсенділерінің қолдауымен мектеп оқушыларына ағылшын тілінен пәндік олимпиада – кәсіби бағдар беру және имидждік іс-шара өткізді.

    Апр 23, 2024

  • «Есіңде болсын...» онлайн байқау

    Ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында   келесі іс-шаралар жүргізілді:

    1 Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының оқытушылары Көкшетау қаласындағы  Ш.Уәлиханов атындағы университетінде  өткен Республикалық онлайн байқауға студенттерін дайындады.  «Есіңде болсын...» байқауы Қазақстанның белгілі аудармашысы, публицист, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай өткізілді.

    Апр 19, 2024

Хабарландырулар

Конференциялар

ҚазХҚжӘТУ университетінің 3D туры

универсиада замена