Сәуірдің 25-26 күндері Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясында “Журналистика жəне ақпарат” даярлау бағыты бойынша студенттердің 16-ншы республикалық пəн олимпиадасының конкурстық бағдарламасы өтті. 2 күн қатарынан еліміздің әр түкпірінен келген студенттер бақ сынасты. Қатысушылар 1-інші турда кейс тапсырмаларды шешсе, 2-нші турда мәтінмен жұмыс жасады. 3-інші тур жарты күн ішінде белгілі-бір тақырып бойынша репортаж түсірумен жалғасты. Университетіміздің аға-оқытушысы Жабаева Айгерім Нұршайхиевнаның жетекшілігімен журналистика мамандығының студенттері - Күнболат Арман, Жансеит Сая, Салман Анель, Қараш Алтынай қатысып, жүлделі 3-інші орын иеленді.