2018 жылдың 8 ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Алмалы-Абылай хан» бас партия ұйымымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыруға және Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Жас ғалымдар: ғылым мен білім диалогы» атты V Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Спикерлер интертекстуалдық, пікірталас блог-дискурсы, стратегиялық бизнес жоспарлау және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады.
Баяндамашылар сөздері ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы аясында жас ғалымдардың ғылым мен білімді дамытудағы күш-жігерін біріктіру үдерісіне қолдау көрсетуге және енгізуге бағытталған.