29 қазанда университетте Әлия Қуантаеваның клубы ағылшын тілінде «The trend of celebrating Halloween in Kazakhstan» («Қазақстанда Halloween-ді мерекелеу тенденциялары») тақырыбында пікірсайыс өткізді. Қазіргі кезде жұртшылық кейбір шаралардың мәні мен маңызын түсінбей жатады.
Хэллоуин — жүздеген жылдар бұрын друид дінінен бастау алған тарихи мереке. Аталған мерекенің Қазақстанда тойлануы жайлы қызықты әрі қызу пікірталас өтті. Пікірсайысқа шет тілдер және аударма, филология факультеттерінің студенттері қатысты.
Шараға Америка елшілігінің өкілдері мен АҚШ-тағы «FLEX» бағдарламасының финалистері қолдау көрсетті. Барлық қатысушыларға алғысхаттар мен дипломдар табысталды.