2018 жылы 26 қазан мен 13 қараша аралығында «Аударма ісі» мамандығының оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына шетелдік ғалым, Магдебург-Стендаль Университетінің профессоры Х. Шварц (Германия) «Кәсіби аудармаға кіріспе» және «Функционалды аудармаға кіріспе» тақырыбында дәрістер курсын оқиды.
Оқытушылар үшін терминологиялық жұмыстағы тәжірибе бойынша тренинг және аударма сапасын қамтамасыз ету жөнінде мастер-класс өткізетін болады.
Сондай-ақ «Шет тілін оқыту тәжірибесі, инновациялары мен перспективалары» тақырыбында халықаралық конференция өткізу жоспарланып отыр.