Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінде 12-13 қараша күндері «Шеттілдік білім беру: озық тәжірибелер, инновациялар және болашағы» V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Университет ұйымдастырған V халықаралық конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Атап айтсақ, АҚШ-тан Матьяш О.И. (Ph.D), Германиядан Шварц Х., Финляндиядан Миккола Х. және Воронеж университетінің профессоры, доктор И.А Стернин сынды ғалымдар қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады. Университет студенттері мен оқытушылары конференцияда жасалған баяндамалардан жан-жақты мәлімет алды.