Табиғат аясындағы демалыс жанға дауа әрі көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Мерекелік демалыс күндерінде отбасымен, достармен табиғат аясында демалғанға не жетсін! Танымал актер Әнуар Нұрпейісов тұған жер табиғатының әсем көрінісін тамашалауды, отандық туризмді дамытуды насихаттап жүр. «Ағайындылар» сериалына және басқа да киноларға түскен дарынды актер
15-наурызда университетіміздің «Туризм» мамандығының стиуденттеріне «Қазақстандағы туризмді дамыту тренді» атты дәріс өткізді. Дәрісте студенттер саяхаттау және туризм жайлы қойған сұрақтарына тұшымды жауап алды. Ә. Нұрпейісов елімізде туризмді дамыту туралы ойларымен бөлісті, саяхаттау қыр-сыры жайлы әңгімелеп берді, студенттердің де ойларын тыңдады. Ұйымдастырушылар осындай тартымды әрі қызықты кездесулердің алдағы уақытта тағы да болатынын айтты.