Шетел тілдері педагогикалық факультеті, МКТменТК кафедрасының оқытушылары 2022 жылдың 15 сәуірінде MS Teams базасында 3 курс студенттерімен «The Real Chernobyl» фильмін көру бойынша іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында фильмді талқылау (жауап-сұрақтар) және кезең бойынша тапсырмалар орындалды:
- Алдын ала көру
- Шолу кезінде көру
- Көріп болған соң орындалатын тапсырмалар
Фильмнің алдында іс-шараға қатысушылар Power Point презентациясында көрсетілген Чернобыль апаты туралы белгілі тұлғалардың цитаталары бойынша өз пікірлерін білдірді, содан кейін осы көрсетілім бойынша өзекті мәселелерді талқылады (Pre-watching). Фильм көру барысында (While-watching) студенттерге Mind-map тапсырмаларын орындау, яғни ассоциациялардың тұжырымдамалық картасын толтыру тапсырылды.
Жалпы, сабақтан тыс іс-шара сәтті өтті және студенттердің ядролық соғыс жайлы, атап айтқанда 1986 жылғы Чернобыль апатымен одан әрі білімдерін толықтыруға ықпал етті. Фильмді көріп, презентациялардағы сұрақтарды талқылағаннан кейін студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, әлемдегі болып жатқан басқа да апаттар туралы өз пікірлерімен бөлісті.