2022 жылдың 31 қазаны мен 11 қарашасы аралығында Шығыстану, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы,
сондай-ақ докторанттар Дублин-Сити университетінің (Ирландия) шақырылған профессоры, PhD докторы Абель Полезенің дәрістеріне қатысты. «Building your publication strategy: tools and approaches to maximise your academic output» курсы оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған. Курс соңында оқытушылар мен докторанттарға сертификаттар берілді.