Абылай хан атындағы ХҚ және ӘТУ-де қашықтықтан білім беру орталығы ұйымдастырумен 2022 жылдың 7-ші желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 11-ші қаңтар аралығында "Ресми және бейресми оқытудағы цифрлық технологиялар" атты 72 сағат көлемінде курс өткізілді. Курсты п.ғ.д., т.ғ.к., ХАА академигі және РЖҒА академигі Б. Ж. Шәріпов, п.ғ.д., профессоры Д. М. Джусубалиева , және Ж. И. Ерболатов жүргізді. Курсты PhD Э. Ташкиннің жетекшілігімен қашықтықтан білім беру орталығы ұйымдастырды. Жалпы семинар қызметкерлер мен оқытушылар үшін офлайн және онлайн форматта болды. Семинарға «Білім беруді кәсіби цифрландыру» кафедрасының оқытушысы А.В. Трофимова белсене ат салысты.
Курсқа 160-тан астам адам қатысты. Оның аясында оқу мазмұнын әзірлеу барысында әртүрлі түсіру әдістерін қолдана отырып, бейне - презентация жасау бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Курстың соңында 18.01.2023 күні қатысушылар өткен тақырыптар бойынша тест тапсырды. Университеттің барлық оқытушылары өздерінің кәсіби қызметін арттыру үшін осындай курстардың қажеттілігін атап өтті. Курс оң пікірлерге ие болды,және сабақ уақытының әр сәрсенбіде болғадығына ризашылықтарын білдірді. Сандық технологиялар туралы көптеген мәліметтер алғандарын, компьютерде жақсы жұмыс істеуге көптеген мүмкіндіктер алғандығын, өз пәндері бойынша оқу мазмұнын әзірлей алатындарын және слайдтар мен бейне презентациялар жасауды үйренгендерін айтты. Және осы орайда өзара көптеген тәжірибе ауысқандарын айтты.