2023 ж. 16 ақпанда Шығыстану факультетінде «Шығыстану» және «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламаларының жапон бөлімінің студенттері үшін Алматы қаласындағы Мицубиси банк өкілдерінің қатысуымен кезекті жоспарлы қонақ дәрісі өтті.
Дәрістің мақсаты – жапон экономикасындағы банк жүйесі мен қазіргі жағдай туралы түсінік беру, студенттердің жергілікті корпоративтік құрылымның ұлттық ерекшеліктерін, іскерлік қарым-қатынас мәдениетін, құндылық модельдерін және іскерлік салада қабылданған мінез-құлық нормаларын ескере отырып, Жапониямен қарым-қатынасты дамыту дағдылары мен идеяларын қалыптастыру.
Аталған іс-шарада Мицубиси банкінің қызметкерлері және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ түлектері Калибекова Роза и Ахметова Жанар спикерлер ретінде сөз сөйлеп, Жапонияның қаржы саласының ерекшеліктері туралы үлкен қызығушылықпен айтты. Дәріс аяқталғаннан кейін пікір алмасып, студенттер қызығушылық таныта отырып сұрақтар қойды. Жапон тілінің оқытушылары мен Мицубиси өкілдері іс-шара аяқталғаннан кейін болашақ ынтымақтастықты нығайтуды талқылай алды.
Айта кететіндей, шығыс филологиясы және шығыстану кафедралары жыл сайын Жапониядағы ең ірі банктердің көшбасшысы болып табылатын Мицубиси Банкімен кездесулер өткізеді. Осындай дәрістердің көмегімен студенттер жапон тілінің деңгейін көтеріп қана қоймай, жапондық компаниялардың ерекшелігі туралы білім алады.