2023 жылдың 13 қаңтарында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ "Кәсіптік білім беруді цифрландыру" кафедрасы "Жаһандық цифрлық трансформация жағдайында білім беру сапасын арттыру"тақырыбында ғылыми-практикалық семинар (офлайн) өткізді.
Семинар оқытушыларға, жас мамандарға жаһандық цифрлық трансформация жағдайында білім беру сапасын жақсарту және жетілдіру саласында білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, "Advanced ChatGPT (AI) Guide for Teachers", "Студенттердің білім беру бағдарламасының сапасына қанағаттануын мониторингтік зерттеу", "Қашықтықтан оқыту форматына көшу жағдайындағы цифрлық білім беру ортасы педагогінің портреті", "Video editing for students" және т. б. сияқты өте өзекті тақырыптар талқыланды.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ (www.kaznu.kz (ФИТ)), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы технологиялық университеті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті және т. б. университеттерден келген жас ғалымдар, профессорлар мен оқытушылар баяндама жасады.