2023жылдың 12 сәуірінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шетел тілдері педагогикалық факультеті педагогика және психология кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, проблемалар және перспективалар» атты ғалымдар мен педагогтардың ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ұйымдастырылған «Біртұтас педагогикалық үдерісте инновациялық әдістер мен формаларды енгізу» атты постер қорғау байқауына қатысты.
Шет тілдері мұғалімдерін даярлау факультетінің 1-курс студенттері Інкаш Назерке, Жабай Алуа, Сапарбек Аружан жүлделі дипломдармен марапатталды.
Ғылыми жетекші: Альдибекова Шолпан Нурсапаевна.