27.04.2023ж Университетіміздің студенттік «Мұрагерлер» поэзия және театр клубының ұйымдастыруымен «Абылай хан ақыны» атты ақындар сайысы өтті.
Байқау 2 кезеңнен тұрды:
1 кезең: «Поэзия,менімен егіз бе едің?» - қатысушылар Махаббат тақырыбында өзге ақынның өлеңін және еркін тақырыпта авторлық өлеңдерін оқыды.
2 кезең: «Жыр жолынан нұр алдым» - қатысушылар 10минут көлемінде өлең шығарып, финалда жеке портфолио өткізді.
✨Әділқазылар алқасы қатарына айтыскер ақын, журналист, «Асыл домбыра» иегері- Айтбек Тұрсынбай, отандық «Бір тоқсан», «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаяларының танымал актері - Ермек Тұрғанбеков және Университетіміздің қоғаммен байланыс және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Егенбаева Гульжан Сарсембековна еніп, қатысушыларымызға әділ бағаларын берді.
Сайыс нәтижесу бойынша:
🏆Бас жүлде - Оразбек Ақкенже, Шетел тілдері педагогикалық факультеті
🏆1 орын - Молдахметова Альмира, Аударма және филология факультеті
🏆2 орын - Райымбаев Мерейхан,Менеджмент және халықаралық коммуникация факультеті
🏆3 орын - Әділбек Біржан, Менеджмент және халықаралық коммуникация факультеті
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!