2023 жылдың 19 мамырында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ мен Ondokuz mayis university (OMÜ, Түркия Республикасы, Самсун қаласы) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Біздің университетіміздің тарапынан құжатқа Басқарма Төрағасы – Ректоры академик Кунанбаева Салима Сагиевна, Ondokuz mayis university тарапынан Ректор, профессор Явуз Юнал меморандумға қол қойды.
Бүгін Ondokuz mayis university өкілі, Ректордың кеңесшісі, доктор Реджэп Йылмаз және шығыстану факультетінің деканы Э.М. Кагазбаевамен кездесу өтті. Кездесуді дайындап, ұйымдастырғаны үшін шығыстану факультетінің шығыс филологиясы кафедрасының оқытушысы, доктор Юрдакул Ялчынға, сондай-ақ университеттің халықаралық бөліміне ерекше алғысымызды білдіреміз.
Түрік тілі «Шетел филологиясы: шығыс бағыты» және «Шығыстану» екі білім беру бағдарламасы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де негізгі тілі болып табылады, сонымен қатар «Шетел тілі педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша екінші тілі болып табылады.
Ondokuz mayis university (OMÜ) 1975 жылы құрылған Түркия Республикасының мемлекеттік университеті, 20 факультет, 23 колледж, 13 кәсіптік мектеп, 5 институт, 1 консерватория және 24 қолданбалы-зерттеу орталығы бар. Университетте 58 мыңға жуық студент білім алуда. Университет Түркияның жоғары оқу орындары арасында академиктер саны бойынша көшбасшылар қатарына кіреді.
Бүгінгі Меморандумға қол қою күні кездейсоқ таңдалмаған. Түркияда 19 мамыр Ататүрікті еске алу күні және жастар мен спорт мерекесі ретінде атап өтіледі. Ondokuz mayis university (OMÜ) осы күннің атымен аталған, себебі 1919 жылы 19 мамырда Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік Самсун қаласында жастардың алдында сөз сөйлеп, ел аумағының бір бөлігін басып алған интервенттермен күресу үшін мобилизация жариялады. Бұл үндеу Түрік Республикасының құрылуын белгілеген ұлт-азаттық соғыстың басталуын белгіледі. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-і барша түрік халқын және Ondokuz mayis university ұжымын мерекемен құттықтап бауырлас халыққа өркендеуді тілейді.