Ашылу салтанатына Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ -дың профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Шығыстану факультеті, Шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының меңгерушісі Раушан Бәзікенқызы Джелдібаева және ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций орталығының профессоры Ши Лонвэй қатысты. ЭКСПО «Қытай-Еуразия 2023 – Халықаралық білім форумы» 2023 жылғы 15 қыркүйекте Үрімжі қаласында өтті (Қытай Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы).
Бұл форумда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы мәселелері және осы саладағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігі талқыланды. Шығыс Қытай педагогикалық университеті, Бейжің лингвистикалық университеті және Қытайдың Шыңжаң педагогикалық университеті ұйымдастырған кіші форумға әріптестеріміз белсене қатысты. Халықаралық форумның ұйымдастырушылары, ШҰАР халық үкіметінің білім бөлімі мен Қытай Халық Республикасы Білім министрлігінің мектеп құрылысын жоспарлау және дамыту орталығы болды.