Іс-шараны "Шығыс-Батыс" халықаралық геосаяси болжау орталығы А.М. Горчаков атындағы жария дипломатияны қолдау қорымен бірлесіп өткізді.
Конференцияның мақсаты: өңірлік қауіпсіздікті нығайту мәселелерін сарапшылық талқылау, Қазақстанның осы саладағы сыртқы және ішкі саяси бастамалары, ЕАЭО интеграциялық бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің жаһандық геосаяси турбуленттілік жағдайында әріптестігіне ықтимал қауіптерді талдау.
Шығыстану факультетінің деканы, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Э.М. Кагазбаева конференцияға "Шығыс - Батыс" халықаралық геосаяси болжау орталығының президенті - Қ. Ж. Нұғманованың шақыруы бойынша секцияның бірінің спикері және модераторы ретінде қатысты. Кагазбаева Э.М. "Қытайдың Орталық Азиядағы жұмсақ күші: мәдени-гуманитарлық аспект" тақырыбында баяндама жасады. Конференция саяси ғылымдардың докторы, профессор Қ.Ж.Нұғманованың модераторлығымен өтті. Құттықтау сөзді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қожахмет М. Д., Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Темірболат Б.Б. жолдады. Іс-шараға қатысушыларға Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н.Бородавкиннің құттықтау сөзі жолданды.
Іс-шараға Австрия, Ресей Федерациясы, Қытай, Грузия, Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь елдерінің жетекші шетелдік сарапшылар қатысты.
Талқылау барысында сарапшылар қауымдастығы жаһандық трансформация жағдайында көпжақты мемлекетаралық өзара іс-қимылға әрбір қатысушысының мүдделерін есепке алу мен құрметтеуге негізделген сындарлы диалог пен әріптестік ынтымақтастық қана өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі басты формула болып табылады деген қорытындыға келді.
Конференция аясында "Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ" АҚ мен «"Шығыс-Батыс" Халықаралық геосаяси болжау орталығы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.