16 қараша күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Пленарлық отырысқа Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің ректоры С.С. Құнанбаева, Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаев, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек, Алматыдағы елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері, Ректорлар, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея, Индонезия Республикасы, Тайланд, Польша және Дания елдерінің жоғары оқу орындарының өкілдері мен белгілі ғалымдары қатысты.
Кіріспе сөзінде «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Р.А. Алшанов университетті шет тілдерін оқыту саласына қосқан елеулі үлесімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауын оқыды.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары университетке қаланың ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін алғысын білдірді. БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық кеңсесінің басшысы Властимил Самек университет ректоры С.С. Құнанбаева, ҚазХҚжәнеӘТУ БҰҰ-ның Академиялық ықпал ету ұйымының мүшесі ретінде студенттер арасында ТДМ бағыттарын қолдайтыны үшін алғысын білдірді. Бас консулдың орынбасары Чжан Хуа ханым университет ұзақ жылдар бойы қытай тілінде оқытатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін қазақстандық ғылым және жоғары білім жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Түркия Республикасы Бас консулдығының білім беру ісі жөніндегі атташесі Айхан Коркмаз мырза студенттер мен оқытушылар құрамының Түркия университеттерімен академиялық ұтқырлығы аясында қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Минзу университетінің ректоры Го Гуаншэн мырза университеттің ҚазХҚжәнеӘТУ-мен ғылым және білім саласындағы өзара ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, тіл білімі саласындағы ғылыми жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.
ММЛУ ректорының ТМД істері жөніндегі көмекшісі, профессор Владимир Николаевич Конев Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-мен магистранттар мен докторанттарды дайындау аясында көпжылдық әріптестік орнатқанын айта келіп, ректор С.С. Құнанбаеваға алғысын білдіріп, ММЛУ ректоры Краева И.А. атынан құттықтау оқыды.
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Чад Киннер мырза Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-мен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық географиясы ауқымды екенін, бұл білім және ғылым саласындағы қызмет сапасының мақсатты түрде жақсарғанын, сондай-ақ Болашақ, Фулбрайт және т.б. бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрларды дайындау арқылы оқу үдерісіның дамыйтындығың атап өтті.