16 қараша күні өткен «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің ректоры С.С. Құнанбаева Оңтүстік-Батыс Дзяотун университетінің (ҚХР) ректоры Ли Хай мырзамен өзара түсіністік және серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, сонымен қатар Қос диплом бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау мәселелері талқыланды.