15 қарашада «Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасы шетел тілдері педагогикалық факультетінің 4 курс студенттеріне арналған «Шеттілдік білім берудегі заманауи трендтер» жобалық жұмыстар байқауын ұйымдастырды.
Студенттер халықаралық деңгейде білім беру саласындағы өзекті үрдістерді көрсететін қызықты және инновациялық жобаларды ұсынды. Бұл байқау шет тілдерін оқытудың әртүрлі тәсілдерінің маңыздылығын көрсете отырып, пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылардың ынта-жігері мен зерттеу тереңдігі студенттердің білім беру процесіне жаңа әдістерді түсінуге және енгізуге деген ұмтылысының ерекше екенін көрсетті.