«Oriental fest 2024» - фестивалі «Шығыстану» факультетіне болашақ талапкерлерді тартуға бағытталған мәдени іс-шара болып табылады. Фестиваль жыл сайын Шығыстану факультеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Корей Орталығы мен Конфуций институтының қолдауымен өткізіледі. Биыл Қазақстанның Батыс аймағындағы су тасқынына байланысты іс-шара тек факультет деңгейінде өткізілді. Іс-шараның мақсаты Шығыс елдерінің ұлттық өнерін байыту, түрлі этностардың қызығушылықтарын қалыптастыру болды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:
- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу және басқа халықтардың мәдениеттерін құрметтеу;
- көпұлтты мәдени мұраны зерделеуге қызығушылықты ынталандыру;
- Шығыс елдерінің дәстүрлі тағамдарын, ұлттық ойындарын, спорттық және би өнерін дәріптеу.
Іс-шара екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлім - концерттік, екінші бөлім - шығыс жәрмеңкесі. Концерттік бөлім шығыстану факультетінің деканы Эльмира Маратқызының баяндамасымен ашылды. Аталмыш бөлімде студенттер Қытай, Корея, Түркия, Жапония, Араб елдері сияқты бес шығыс елінің ұлттық билерін орындап, ұлттық аспаптарда өнер көрсетіп, сондай-ақ факультет әнін орындады. Бағдарламаның екінші бөлімінде қонақтар Шығыс елдерінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, тағамдардың ерекшелігімен танысты.