2026 жылдың 13 сәуір күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Әділ Құрманжанұлы Ахметтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Түркология: даму кезеңдері және болашағы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияның жұмысын құттықтау сөзімен Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-дің Басқарма Төрағасы-Ректордың міндетін атқарушы, э.ғ.к., проф.Құнанбаева Дана Ануарбекқызы ашып, Әділ Құрманжанұлы Ахметті 85 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, осы университетте ректор болғанда университетке сіңірген еңбегін айрықша атап өтті. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің шет тілдері педагогикалық факультетінің деканы, ф.ғ.д., проф.Айбарша Ислам «Ғалым Әділ Құрманжанұлы Ахметтің тағылымды өмір жолы және заманауи түркітану ғылымына қосқан үлесі» атты баяндама жасады. Баяндамада профессор Айбарша Ислам Әділ Ахметтің балалық шағына, ағайдың институттағы қызметін абыроймен атқарғаны жайлы, ұстаздықты ғылыммен ұштастырып, «Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер» деген тақырып бойынша 1973 жылы кандидаттық, «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер» деген тақырып бойынша 1995 жылы докторлық диссертациялар қорғап, профессор дәрежесіне де ие болғандығы туралы кеңінен баяндады.

Аталған шараға ф.ғ.д, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Түймебаев Ж.Қ., «Тұран» білім беру корпорациясының президенті, Тұран универститетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов р.А., физ.-матем.ғ.к., профессор, Қазақстан-Британ университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Ғабдуллин М.Т., ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Оразалин Н.М., физ.-матем.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Қожамқұлов Т.Ә., ф.ғ.к., Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Фазылжанова А.М., ф.ғ.д., профессор Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры Дүкен Мәсімханұлы, физ.-матем.ғ.д., профессор, Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының директоры Бектемісов М.Ә., физ.-матем.ғ.д., профессор Сақабеков Ә.С., физ.-матем.ғ.д., профессор Әмірғалиева С.Н., тарих ғ.к., профессор Әлімбай Н.Ә., доктор (PhD), ғалым-зерттеуші, композитор, пианист, ҚР-ның «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Абдысагин Р.Т., «MIAMI SOLAR» ЖШС негізін қалаушы Қалмұрзаев С.Ж. және курстастары Аяпова Т.Т., Икрамова Р.Т., Сыздыкова Ғ.Н., Аканаева С.Ш. қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Конференцияда белгілі ғалымдар баяндамалар жасап, түркология ғылымының өзекті мәселелерін талқылады және бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-дің профессоры, ф.ғ.д. Махпиров В.У., А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, ф.ғ.д. Манкеева Ж.А., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, ф.ғ.д., профессор Смағұлова Г.Н., ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ф.ғ.д., профессор Құрманбайұлы Ш. баяндамалар жасап, ғалымның ғылыми еңбектері, түркілер танымындағы табу мен эвфемизмдер, мифтік танымның тілдегі көріністері, түрік мәдениетіндегі константар, түріктердің тегі мен түрік тілдерінің түбін ізденген ғалым екендігі жайлы айтты.

Конференция Әділ Құрманжанұлы Ахметтің авторлық дәрісімен жалғасын тапты. Әділ Құрманжанұлы «Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер», «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер», «Азия – Берингия – Америка немесе америкалық үндістердің азиялық тегі» (қазақ, орыс тілдерінде), «Тәңіртау түлегі», «Байырғы америкалықтардың алтайлық тегі», «Түбі түркі өркениет», «Бесінші өркениет қарсаңында» (қазақ, орыс, поляк тілдерінде), «Жаһанды жалғаған терең тамырлар», «Ғалым, саясаткер және дипломат жазбалары», «Колумб дәуірінен бұрынғы америкалық ‘үндістердің’ алтайлық тегі» (қазақ, орыс, түрік тілдерінде); «Ғасыр ғибраты»; «Уроки столетия»; «Викиңдердің ізімен»; «Түркі әлемінің ырым-тыйымдары»; «Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» атты ғылыми туындылармен таныстырып, 15 кітабын университетіміздің кітапхана қорына сыйға тартты.
Аталған конференция ғылыми қауымдастық арасындағы байланысты нығайтып, оқытушыларға, жас ғалымдарға, білімгерлерге ғылыми және тәрбиелік жағынан берері мол, жоғарғы деңгейде өткен конференция болды.
.png)






















