2026 жылғы 6 қарашада Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Аударма және филология факультеті Синхронды аударма кафедрасының студенттері практик-оқытушы Гайни Мақсұтқызы Нұрқабаеваның жетекшілігімен Алматы қаласындағы «БҰҰ үйіне» барды. Кездесу аясында «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының өкілдері БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, студенттік клубтардың жұмысы және БҰҰ еріктілерінің UNV бағдарламасы туралы ақпарат ұсынды.

Сапар барысында студенттер синхронды аудармаға арналған техникалық жабдықтарды пайдалану ерекшеліктерімен танысып, кәсіби дағдыларын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін практикалық тапсырмаларды орындады. Кездесу студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, халықаралық ұйымдардың қызметі туралы білімдерін кеңейтуге және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті.

.png)






















