Саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесу

2019 жылдың 27 наурызында  Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаттанушы Айдос Сарыммен "Ұлы даланың жеті қыры" және "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кездесу өтті.

Кездесу барысында Айдос мырза студенттер тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, жастарға  ақыл- кеңесін айтып, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге қатысты өзінің көзқарасын білдірді. Кездесу соңында Айдос Әміроллаұлына Шығыстану факультетінің деканы Дәуен Д.Б. уақытын бөліп келгені және  студенттермен маңызды ақпарат, мағыналы ойымен бөліскені үшін алғыс айтып, естелік сыйлығын табыс етті.

Печать E-mail

универсиада замена