Меморандумға қол қою туралы

2019 жылы 22 мамыр айында Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ мен Алматы қаласы бойынша Соттар Әкімшілігінің арасында Меморандумға қол қойылды. Бұл жағдай екі жақ тараптары үшін маңызды болып табылады, сот тәжірибесі мен  заңи  білім беру  арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. 

     Университетте енгізілген білім берудің құзіреттілік – бағыттары,  базалық заңи білімдерінен басқа, кәсіби заңгер кешенді нақты дағдыларды меңгере отырып, тәжірибе барысында өзінің теориялық тұрғыда алған білімдерін қолдана білуге  бағытталған. «Құқықтану», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша білім алушы магистранттар мен студенттер Алматы қаласының соттарында өндірістік тәжірибеден өтуге, сот процесстеріне қатысуға, жобалау жұмыстарын жазу үшін материалдар жинауға мүмкіндік алады. «Халықаралық құқық» кафедрасының  Профессорлық-оқытушылық құрамы  ғылыми ынтымақтастықты дамытып, халықаралық стандарттарды ескере отырып,сот әділдігін одан әрі жетілдіру мақсатында ғылыми өңдеулер мен біліктілікті жетілдіру үшін ұсынымдар жасай алады.

Печать E-mail

универсиада замена