ХҚФ студенті БҰҰ Моделінде

31 қазан, 2019 жылы БҰҰ-ң 74-жылдығына орай халықаралық қатынастар факультетінің "Аймақтану" мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенті Бисенгалиева Диана БҰҰ-ның "Жаңа жібек жолы" атты Моделіне делегат ретінде қатысты.

Модель БҰҰ-ның Алматыдағы жаңа ғимаратында өтті. Бұл іс-шара БҰҰ-ның Академиялық ықпал жөніндегі бастамасы (UNAI) аясында өтті. Конференцияға Алматы қаласының әртүрлі жоғары оқу орындарынан елуден астам студент / делегат қатысты. Сессияларда делегаттар Арал теңізінің құрғау салдары, аса өткір жаһандық және аймақтық проблемаларды, сондай- ақ гендерлік теңдікке және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты тақырыптар талқыланды.

Аталған конференцияға құрметті қонақтар ретінде БҰҰ жаһандық коммуникация департаментінің өкілі - Властимил Самек, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры - М. Бүркітбаев, Алматыдағы ҚР СІМ өкілдігінің басшысы - Е. У. Ысқақов, БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Еуропалық аймақтық бюросының директоры - Бруно Поци, Алматыдағы АҚШ - тың бас консулы-Эрик Мейер және дипломатиялық корпустың өкілдері шақырылды. Конференцияға қатысушылар осы мәселелерді шешу туралы өз ойларымен белсенді талқылап, бөлісті.

Осы конференцияның арқасында біздің студент ұмытылмас әсер алды, болашақ дипломат үшін қажетті аналитикалық ойлау және шешендік қабілеттерді дамытатын тәжірибе алды. Конференция соңында барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін естелік сертификаттар тапсырылды.

Печать E-mail

универсиада замена